Ақтөбеде саябақта жартылай жалаңаш серуендеген әйел бес тәулікке қамауға алынуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде саябақта жартылай жалаңаш серуендеген әйел бес тәулікке қамауға алынуы мүмкін Видеодан алынған кадр Instagram © zello_aktobe

Ақтөбеде өтіп бара жатқан адамдардың мазасын алған жартылай жалаңаш әйел уақытша бейімдеу және интоксикация орталығына жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Ардагер Уайдинге сілтеме жасап.

Айта кетейік, оқиға 26 шілдеде Пушкин атындағы саябақта болған. 1965 жылғы әйел саябақта жартылай жалаңаш күйі серуендеп, өтіп бара жатқан адамдардың мазасын алған. Сағат 16.00-де "102" пультіне шағым түскен. Содан оқиға орнына автокөлік барып, сол жақтан оны орталыққа жеткізген. Сонымен қатар, әйелдің мас болғандығы анықталды.

1965 жылғы әйелге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-бабы "Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу" бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сондай-ақ, ол осыған дейін де қаладағы көшелерде мас күйінде бірнеше рет ұсталған екен. Бұл бап бойынша әйел бес тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети