Ақтөбеде "Сбербанк" қызметкері әріптесін атып тастаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде "Сбербанк" қызметкері әріптесін атып тастаған Иллюстрациялық сурет © zbroya.info

Ақтөбеде "Сбербанк" заңгеріне әріптесі аңщы мылтығынан оқ атқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде "Сбербанк" заңгеріне әріптесі аңщы мылтығынан оқ атқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"2018 жылдың 5 қаңтарында сағат 05:00-де Ақтөбенің ЖШККА-сына кеудесінен жарақат алған 48 жастағы ер адам жеткізіліп, екі сағаттан кейін көз жұмды. Патрульді полиция батальонының қызметкерлері 40 жастағы ер адамды ұстады", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында. 

8 қаңтарда ер адамды қамауға алу туралы шешім шықты. Баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыс Асқар Т. есімді азаматтың үйінде ішімдік ішу кезінде болған. Сотта айтылғандай, әріптесі оның үйіне келген. Оқ үй иесінің ауласында атылады. Күдікті әріптсінің өлімін қаламағанын, оқиғаның абайсызда болғанын айтады. Ол тек қорқытпақ болған екен. Алайда аула қараңғы болғандықтан, оқ адамға тиген. 

Қазір бұл дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети