Ақтөбеде тәртіп сақшыларының құмар ойын ойнағаны камераға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде тәртіп сақшыларының құмар ойын ойнағаны камераға түсіп қалды © Іnstagram.com/zello_aktobe

Ақтөбе вокзалында куәгер тәртіп сақшыларының құмар ойын ойнағанын ұялы телефонының камерасына түсіріп алды. Бейнежазба 26 желтоқсан күні Instagram желісіндегі zello_aktobe парақшасында пайда болды.

Кадрдан форма киген екі адамның автомат мониторына қарап тұрғанын көруге болады. Ролик авторының айтуынша, ол тәртіп сақшыларын Keno ойын автоматын ойнап жатқан кезде түсіріп алған.

Айта кетейік, ойын автоматтары Қазақстанда 2007 жылы казино мен ойын залдарына тыйым салғаннан кейін кең тарала бастады. Қазір еліміздің сауда орындарының көбінде осындай ойын автоматтары орнатылған.

Кeno ойын автоматы (жасыл түсті). © almaty.tv

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети