Ақтөбеде жаппай төбелес кезінде бес адам жарақат алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде жаппай төбелес кезінде бес адам жарақат алды Ақтөбедегі "Тропикаль" түнгі клубы. ©Тengrinews.kz

Ақтөбеде жаппай төбелестің салдарынан бес адам жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде жаппай төбелестің салдарынан бес адам жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаладағы түнгі клубтардың бірінде жігіттер топ болып төбелескен. Қазір тергеушілер 21-23 жастағы тұрғындардың не себепті өзара өштескенін анықтап жатыр. Қазіргі уақытта жігіттердің бәрінің сол кезде алкогольден орташа деңгейде масайғаны белгілі болып отыр.

Төбелеске қатысушылар атыс қаруы мен пышақ қолданған. Соның кесірінен бес адам ауруханаға түсті, олардың кейбірі бассүйек-ми жарақатын алса, енді біріне бытыра тиген, тағы бірқатары пышаққа жығылған. Үш жігіт полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсеткені үшін әкімшілік қамау мекемесіне жатқызылды.

Бұл оқиға бойынша "Қаруды немесе денсаулыққа нұқсан келтіру үшін арнайы бейімделген басқа да құралдарды қолданып жасалған бұзақылық" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Бұған дейін Ақтөбедегі базарлардың бірінде де жаппай төбелес болған еді. Тәртіп сақшылары ол кезде 70 адамды ұстады. Оқиға орнына келген полицейлер 31 жастағы қала тұрғынын 10 адамның тепкілеп жатқанын көрген. Ұсталғандар ұялы телефон сатушылар болып шықты. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети