Ақтөбеде жоғалған тоғыз жастағы бала өлі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде жоғалған тоғыз жастағы бала өлі табылды © diapazon.kz

Ақтөбеде жоғалған тоғыз жастағы бала өлі табылды. Баланы құтқарушылар, полиция, туыстары және еріктілер іздеді. Баланың денесі жоғалған жерден 800 метр қашықтықта табылды, - деп хабарлайды "Диапазон"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде жоғалған тоғыз жастағы бала өлі табылды. Баланы құтқарушылар, полиция, туыстары және еріктілер іздеді. Баланың денесі жоғалған жерден 800 метр қашықтықта табылды, - деп хабарлайды "Диапазон"

Еске салайық, орта мектептің төртінші сынып оқушысы Біржан Ерсайынов 13 сәуірде Жаңа Қоныс ауылында із-түссіз жоғалып кеткен. Бала сыртқа ойнауға шығып, үйіне қайтып оралмаған. Ата-анасы дабыл қағып, бала бір апта бойы іздестірілді. ТЖД басшысының айтуынша, іздеу жұмыстарына көктемгі жылы ауа райының әсерінен өзен суының көтерілуі, қатты ағысы және лай су кедергі келтірген. 

Бейресми мәлімет бойынша, Біржан мұзға секірген, мұз жарылып баланы ағыс алып кеткен. Баланың мұзға қайтып шыға алмайтыны және су температурасының төмен екені оның өліміне себеп болуы мүмкін. 

Жіңішке өзенінің суы қазіргі уақытта айтарлықтай төмендеген, соның салдарынан құтқарушылар баланы тапты. "Баланың денесі қамыстар арасынан табылды, бұл шамамен оның суға құлаған жерінен 800 метр жерде орналасқан. Денесі құқық қорғау органдарына тапсырылды", - деді облыстық ТЖД суда құтқару маманы Оксана Кичигина. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети