ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 10 маусым 2016 12:18
Ақтөбедегі теракт: ҰҚК өкілдері екі полицейдің жарақат алғанын хабарлады
Ақтөбеде екі полицейдің жарақат алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мясоедов пен Арынов көшелерінің қиылысында лаңкестердің сыбайласы патрульдік экипажға тегіс ұңғылы қарумен оқ атқан. Екі қызметкер жеңіл жарақат алды", - делінген ҰҚК хабарламасында.
ҚР Антитеррористік орталығы биыл 10 маусымда Ақтөбе облысында терроризммен күрес жөніндегі жедел штаб Ақтөбедегі террорлық актілерге қатысы бар азаматтарды ұстау бойынша операция жүргізіп жатыр.
ҰҚК өкілдері Ақтөбеде 4 лаңкестің көзі жойылғанын хабарлады.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу