10 маусым 2016 12:07

Ақтөбеде 4 лаңкестің көзі жойылды - ҰҚК

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Ақтөбеде 4 лаңкестің көзі жойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.


Ақтөбеде 4 лаңкестің көзі жойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

ҚР Терроризмге қарсы орталық Ақтөбе облысының терроризмге қарсы күрес жедел штабының қызметкерлерінің күшімен іздестіріліп жатқан қылмыскерлердің өлтірілгенін хабарлады.

"Жедел-іздеу іс-шаралары нәтижесінде террористердің Некрасов көшесіндегі тұрғын үй пәтерінде тұрғандығы анықталды. ҰҚК және ІІД арнайы мақсаттағы бөлімшелерімен террористер тұрған пәтер қоршауға алынып, блокадаланды. Қауіпсіздік шараларын қадағалай отырып, тұрғындарды эвакуациялау қамтамасыз етілді", - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, террористер өз еркімен берілуден бас тартып, оқ жаудырған.

"Оларға қаруларын тапсыруға жасалған келесі әрекеттер де нәтиже бермеді. Арнаулы қызмет күштерімен жүргізілген шабуылда пәтерде болған 4 террористтің көзі жойылды", - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Бейбіт тұрғындар мен күштік құрылымдар қызметкерлері арасында зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

Айта кетейік, Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) жұма күні, 10 маусымда ресми сайтында Ақтөбеде лаңкестерді ұстау бойынша арнайы операцияның жалғасып жатқанын хабарлағаны белгілі. "Лаңкестер берілу туралы ұсынысқа қарулы қарсылық көрсетті. Шара жалғасып жатыр, оның нәтижесі қосымша хабарланады. Күштік фаза өткізу кезінде халықтың қауіпсіздігі сақталды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, қазіргі кезде Ақтөбеде жүрген Tengrinews.kz тілшісінің мәліметінше, полицейлер тұрғындардан үйден шықпауды сұрады. "Пантера" қару-жарақ дүкенінің маңындағы Алтынсарин, Жанқожа көшелері және "Отырар" сауда үйі қоршауға алынды. Жергілікті тұрғындар автобус арқылы әкетілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети