Ақтөбелік прокурор тергеу абақтысына қамамауды өтініп, көз жасын төкті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбелік прокурор тергеу абақтысына қамамауды өтініп, көз жасын төкті Иллюстрациялық сурет. © Тұрар Қазанғапов

Ақтөбе облысында 13 миллион теңге пара үшін прокурор Есентұр Қадыров қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында 13 миллион теңге пара үшін прокурор Есентұр Қадыров қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Прокурорды қамауға алу туралы үкім 15 қарашада шықты. Айыптаушы тараптың сөзінше, 13 қарашада Ақтөбе облысы прокурорының аға көмекшісінің көлігінде отрып, ол 40 мың доллар (13 миллион теңге) көлеміндегі параны қызметтік тұлға арқылы Бас прокуратураға ұсынған. Осы арқылы ол өзіне қатысты қылмыстық істі тоқтатуға тырысыпты. 

Алайда Қадыров пара бермек болған сәтте ұсталды. Оған "Лауазымды тұлғаға делдал арқылы пара беру" айыбы тағылды. 

Сот отырысы кезінде айыпталушы тергеу абақтысына қамамауды сұрады. "Мен әділет жүйесін білемін, жасырынатын ойым жоқ, шақыртқан сайын келемін. Мен қоғамға қауіпті қылмыс жасаған жоқпын, бұлтартпау шарасын үй қамағына өзгертуді сұраймын. Кепіл ретінде жылжымайтын және жылжитын мүлігімді қоя аламын", - дейді ол. 

Айыпталушының адвокаты оны үйде кәмелетке толмаған екі баласы мен әйелі күтіп отырғанын айтқан. Қадыров сөзінің әсерін күшейткісі келіп, көз жасын да төкті. Алайда судьяға бұл әсер етпеді. прокурор екі айға қамауға алынды, қылмысы дәлелденсе, ол 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети