Ақтөбелік тұрғын әлеуметтік желіде балағаттаған әйелден 800 мың теңге талап етіп отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбелік тұрғын әлеуметтік желіде балағаттаған әйелден 800 мың теңге талап етіп отыр

Ақтөбе қаласының 28 жастағы тұрғыны өзіне әлеуметтік желілерде былапыт сөздер жазған әйелден үлкен сомадағы қаражат талап етіп отыр, - деп хабарлайды  "Ақтөбе Таймс".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе қаласының 28 жастағы тұрғыны өзіне әлеуметтік желілерде былапыт сөздер жазған әйелден үлкен сомадағы қаражат талап етіп отыр, - деп хабарлайды  "Ақтөбе Таймс".

"18 тамызда маған белгісіз бір қыздан хабарлама келе бастады. Бір сәтте ол мені және емшектегі баламды балағаттай бастады. Содан мен біреудің парақшасының атынан маған бір жыл бойы былапыт сөздерді жазып жүрген бір қыздың барын түсіндім. Өмірде ешқашан көрмеген әйел маған тіпті сес көрсетті", - деп жазады 28 жастағы тұрғын.

Оның айтуынша, виртуал әйелдің сөздеріне сенген күйеуі отбасынан кетіп қалған. Ал сот отырысында зардап шеккен әйел оған балағат сөздерді айтқан әйелден моральдық шығын ретінде 800 мың теңге көлемінде өтемақы талап ететінін мәлімдеген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети