"Аралас жекпе-жекке қатысқан". Таразда төбелестен 15 жастағы жасөспірім қаза болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Таразда жаппай төбелестен 15 жастағы жасөспірім қаза болды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Таразда жаппай төбелестен 15 жастағы жасөспірім қаза болды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Марқұмның туыстарының айтуынша, оған сегіз рет пышақ салынған. Біреуі кеуде тұсына тиіп, өкпесі мен жүрегін зақымдапты. Дәрігерлер көп қан жоғалтқан сегізінші сынып оқушысының өмірін сақтап қала алмады. Қайғыдан қан жұтқан отбасы енді кінәлілер жазадан құтылып кете ме деп қорқады. Өйткені бұл төбелеске қарсы жақтан 16 адам қатысқанымен, тек жалғыз адам кінәні мойынына алып отырған көрінеді.

"Адамы өліп, қазанында қан қайнап жатқанда алдыңа келсе, атаңның құнын кешесің дейді ғой. Алдымызға келсе, кішкентай да болса ашуымыз басылып, кішкентай да болса, қайғымызға ортақтасқанда шеріміз тарқар еді. Бірақ ондай іс-әрекет көрмедім.

Менің балам аралас жекпе-жекке қатысып жүрген. Ол бір балаға пышақтатпайды. Пышақтаған бір бала екен деген ақылға қонымсыз. Бір бала түгілі, екі-үш балаға да балам пышақтатпайды. Ол жерде 16 бала бәрі пышақтап отыр ғой", - дейді марқұмның әкесі Бейсенбай Құтышев.

Ол - бір отбасындағы 6 баланың төртіншісі. Жеткіншек болашақта әйгілі спортшы болуды армандаған екен.

Телеарна мәліметінше, түн жарымда мәселе шешуге бесеуі барып, 16 адамның қарсылығына тап болған. Арасында өздерінен бірнеше жас үлкені де болыпты.

"Орал бауырларым пышақтап кетті деп айғайлады. Оралды ұстап алған, осы жерге келіп құлады. Оралды алып кеттік. Олар пышақтаған соң қашып кетті", - дейді төбелесте болғандардың бірі.

"Қазір төбелеске қатысушылардың бәрі анықталып, жауап алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті ұсталып, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған", - деді Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course up  583.08  course up  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro