Арал қаласында кененің уын сусынмен шатастырып ішкен 2 жасар бала жансақтау бөлімінен бірақ шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Арал қаласында кененің уын сусынмен шатастырып ішкен 2 жасар бала жансақтау бөлімінен бірақ шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілдері 2 жасар баланың ауыр жағдайда уланып, ауруханаға түскенін хабарлады. Айтуларынша, оқиға 30 қыркүйекте болған. "Белгісіз химикат заттан уланған баланың жағдайы аудандық ауруханаға түскенде ауыр болды. Бала бірден жансақтау бөліміне жатқызылды", - деді баспасөз қызметіндегілер.
Сонымен қатар, балаға Қызылорда қаласынан санитарлық авиациямен реаниматолог дәрігер арнайы келіп, жағдайын қараған. Қазіргі уақытта бала бақылауға алынған және оған кешенді ем тағайындалған.
Аты-жөнін атағысы келмеген дереккөздің мәліметінше, 2 жасар қыз бала кененің уын сусын екен деп шатастырып ішіп қойған.