Аралда тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып түсті, деп хабарлады "Хабар 24" телеарнасы.
Аралда тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып түсті, деп хабарлады "Хабар 24" телеарнасы.
Телеарнаның хабарлауынша, Аралда тұрғын үйдің құлау себебін арнайы комиссия тексеріп жатыр.
"Арал қаласындағы апатты үй өткелінің құлау себебін арнайы комиссия тексеріп жатыр. 1986 жылы балабақша ретінде салынып, 1990 жылдары тұрғын үй мақсатында пайдалануға берілген ғимаратта 15 отбасы тұрып келген. Жергілікті билік нысанның апатты екенін айтып, ескерткенімен, тұрғындар жылы орнын босатуға асықпаған. Барлық тұрғындар қауіпсіз орындарға көшіріліп, ыстық тамақ, киім-кешек, төсекжаймен қамтылды", - деп хабарлады телеарна тілшісі.
Бастысы, адам шығыны мен зардап шеккендер жоқ. Қазір құлаған нысан бөлігін тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы Аралда 47 екі қабатты тұрғын үй бар, соның 8 пәтерлі тағы бірі апатты деп танылып отыр.
"2016 жылы экспертиза қорытындысын қолдарына беріп, тұрғындарға көрсеткенбіз. Комиссия құрып, жеке-жеке сөйлесіп, айтқан болатынбыз. Осындай апатты жағдай күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Соған келісесіздер ме? Модернизацияға байланысты үкімет тарапынан ақша бөлінген 22 үйді өткізгенбіз. Үлгі қылып көрсеттік сол үйлерді. Тұрғындар тарапынан ешқандай ниет, қолдау тапқан жоқ", - деді Арал қаласының әкімі Бауыржан Махатов.