Арқалық тұрғындары жергілікті биліктен мектеп оқушысының зорлануын тергеуді сұрайды, олардың айтуынша, қалада ұл баланы екі жасөспірім зорлаған, - деп хабарлайды "Алау". Бұл туралы өтініш Арқалық әкімі Ғазиз Бекмұхамедов пен Қостанай облысы әкімі Нұралы Сәдуақасовтың блогтарында жарияланды.
Арқалық тұрғындары жергілікті биліктен мектеп оқушысының зорлануын тергеуді сұрайды, олардың айтуынша, қалада ұл баланы екі жасөспірім зорлаған, - деп хабарлайды "Алау". Бұл туралы өтініш Арқалық әкімі Ғазиз Бекмұхамедов пен Қостанай облысы әкімі Нұралы Сәдуақасовтың блогтарында жарияланды.
"Сізге Арқалық қаласының тұрғындары өтініш жасап отыр. Бізде қалада оқушылар арасында сорақы жағдай болды. 2014 жылдың 13 немесе 14 қазаны күні №2 орта мектептің 9-сыныбының екі оқушысы осы мектептің үшінші сыныбының екі оқушысын ұстап алып, бос тұрған тұрғын үй ғимаратына апарған. Оқушылардың бірі қашып кеткен, ал екінші қалып қояды. 9-сынып оқушылары үшінші сынып оқушысына ұзақ уақыт бойы садистік ықпалдағы жыныстық әрекеттерін жасаған. Соның салдарынан үшінші сынып оқушысы Арқалық аймақтық ауруханасының жан сақтау бөліміне ауыз қуысы жарақаттарымен түсті. Бұл дерек, не себепті екені түсініксіз, Арқалықтың құқық қорғау органдарына тіркелген жоқ", - деп жазды тұрғындар 21 қазан күні Қостанай облысы әкімінің блогына.
Тағы үш өтініш Арқалық әкімінің блогына жазылды. Олардың бірінде тұрғындар оқушының зорланғаны туралы ақпаратты я растап, я теріске шығаруды сұрайды. Олардың айтуынша, қалада зардап шеккен бала қайтыс болды деген қауесет тараған. Әкімге өтініш жасағандардың бірі қазір Арқалық тұрғындарының өз баласы үшін қорқатынын жеткізді. "Біз енді үнемі үрейленетін болдық. Ондай жайтты жазасыз қалдыруға бола ма екен? Жазаланбайтынын біліп, басқа бұзақы балалар да соны қайталауы мүмкін. Сізден шара қолдануды өтінеміз!!!" - деп жазылған 20 қазан күні қала басшысының блогына.
"Алаудың" мәліметінше, оқушының зорланғаны туралы ақпаратты әлеуметтік желі қолданушыларының бірі хабарлаған. Жазба 17 қазан күні пайда болды. Қазіргі уақытта әкімдердің блогына жазылған өтініштерге бірде-бір ресми жауап қайтарылған жоқ.