Арқалықта 5-қабаттан құлаған тұрғын құтқарылды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арқалықта 5-қабаттан құлаған тұрғын құтқарылды

Арқалықта 5-қабаттың балконынан құлаған қызды полицей құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арқалықта 5-қабаттың балконынан құлаған қызды полицей құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін таңғы сағат 05:30-да қаланың Жедел басқару орталығына куәгерлерден қала тұрғынының балконнан тайып кеткені, бірақ темірді ұстап үлгергені туралы хабар түскен.

Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері Алмат Әмірхан мен Руслан Қапсаматов барған. Осылайша, Алмат Әмірхан далада қалып, ал әріптесі бесінші қабатқа көтерілген.

Осы кезде ілініп тұрған қыз бесінші қабаттан құлап түскен. Төменде қалған полиция қызметкері оны қағып алған. Осының арқасында 29 жастағы қала тұрғыны зардап шеккен жоқ.

Патрульдік полиция қызметкері Алмат Әмірхан бірнеше жарақат алып, аяғын ауыртып алды. Оған медициналық көмек көрсетілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети