Қостанай облысында күдікті педофил ұсталды, - деп хабарлайды Alau.kz.
Қостанай облысында күдікті педофил ұсталды, - деп хабарлайды Alau.kz.
Оқиға 18 мамырда Арқалық қаласында болған. Куәгерлер ер адамның 8 жастағы қызға қатысты зорлық әрекеттер жасағанын хабарлаған. Бұл мәліметті кейін Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіндегілер растады.
"8 жастағы мектеп оқушысына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттерін жасады деген дерекпен соталды тергеу жүргізіліп жатыр. "Он төрт жасқа толмаған адамға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттері", - делінген ресми сауалға берілген жауапта.
Сонымен қатар, сот сараптамалары тағайындалыпты. 40 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның бұған дейін сотты болғаны анықталды.