Арқалықта жас жұбайлар өз өмірлеріне қол салды. Бұл туралы "Наш Костанай" газетіне қайтыс болғандар оқыған Торғай гуманитарлық колледжіндегілер мәлімдеді.
Арқалықта жас жұбайлар өз өмірлеріне қол салды. Бұл туралы "Наш Костанай" газетіне қайтыс болғандар оқыған Торғай гуманитарлық колледжіндегілер мәлімдеді.
Қайғылы оқиға 30 сәуірде болған. Жас жұбайларды өз үйлерінің гаражында асылып тұрған жерінен тапқан. Мұстафа мен Индира төрт ай бұрын отау құрған, олар Мұстафаның үйінде тұрған. Олармен бірге анасы тұрған, ал әкесі жігіттің бірінші күрста оқып жүргенде қайтыс болған.
Колледжегілердің айтуынша, қайтыс болғандар "Дене шынықтыру" мамандығы бойынша үшінші курста оқыған. Екеуіде колледж өмірінде белсенді ат салысқан. Индира - волейболшы, Мұстафа - футболшы. Екеуінің де көптеген жеңістері мен мадақтама қағаздары көп. Олардың мұндай қадамға баруына негіз жоқ. Сол күні Индираның інісі әскерден келуі керек болған.
"29 сәуірде біздің колледжде облыстық семинар өтті, екеуі де ашық сабақтарға белсене қатысты. Біз олардың арамызда жоқ екеніне әлі сене алар емеспіз. Полиция "Өзін-өзі өлтіру" дерегі бойынша іс жүргізіп жатыр, алайда бізге ештеңе айтқан жоқ", - деді Торғай гуманитарлық колледжінің директоры Сандуғаш Алматова.
Сотқа дейінгі тергеу шаралары барысында қажетті сараптамалар тағайындалған.