31 тамызда таңғы уақытта Қарағанды облысының Шахтинск қаласында "Арселор Миттал Теміртау" компаниясына тиесілі "Казахстанская" шахтасында төтенше жағдай болды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап хабарлайды.

Таңғы төрт шамасында кенеттен метан ауаға тараған. "Шахтада алдын ала мәлімет бойынша 136 адам болған. Сонымен қатар, болжаммен апат жағдайы болған жерде төрт адам қалып қойған. Қолда бар мәлімет бойынша, шахтадан үш адамның мәйіті табылған. Оқиға орнында ҚР ИДМ индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің кәсіби әскери апат-құтқару мамандандары жұмыс істеп жатыр", - делінген хабарламада.
Апаттың мән-жайы анықталып жатыр.