"АрселорМиттал Теміртау" балалар лагеріндегі жаппай улану туралы ақпаратқа түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"АрселорМиттал Теміртау" балалар лагеріндегі жаппай улану туралы ақпаратқа түсінік берді © Tengrinews.kz

"АрселорМиттал Теміртау" балалар лагеріндегі жаппай улану туралы ақпаратқа түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"АрселорМиттал Теміртау" балалар лагеріндегі жаппай улану туралы ақпаратқа түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Факел" лагерінде балалардың тамақтан уланып қалғандығы жөніндегі ақпарат құралдарында пайда болған мәліметке байланысты "АрселорМиттал Теміртау" АҚ келесі түсінікті берді: "2015 жылдың 30 шілдесінде "Факел" лагеріндегі медицина қызметкерлеріне 30 бала келді. Олар өздерін нашар сезінетіндерін айтты. Сол күні Backup Service Resorts (лагердегі балаларды тамақтандыратын ұйым) Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасымен бірге лагерь асханаларын тексерді. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы жағдайдың орнықты екенін айтты. Тамақтан уланғандар жоқ. Дәрігерлер гастрит диагнозын қойған екі баланы ата-аналары әкетті", - деп жазылған "АрселорМиттал Теміртау" баспасөз хабарламасында.

Санэпидемиолог дәрігерлер лагерьде жұмыс істеп жатыр. Сараптама нәтижесі алдағы уақытта дайын болады. Лагерь штатты режиммен жұмыс істеп жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Теміртау қаласының маңында орналасқан "Факел" балалар лагерінде 39 баланың уланып қалғаны хабарланған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети