Иллюстрациялық сурет. © Тұрар Қазанғапов
"АрселорМиттал Теміртау" жұмысшысы кәсіпорын аумағындағы теміржол маңынан өлі табылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне компанияның баспасөз қызметінің өкілдері хабарлады.
"АрселорМиттал Теміртау" жұмысшысы кәсіпорын аумағындағы теміржол маңынан өлі табылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне компанияның баспасөз қызметінің өкілдері хабарлады.
Компания өкілдерінің мәліметінше, ер адамның денесі 3 қаңтарда таңғы 8.00 шамасында табылған.
"Домен цехының 1982 жылы туған қызметкері өлі табылды. Туыстарына оқиға жайлы хабарланды", - дейді "АрселорМиттал Теміртау" баспасөз қызметінің өкілдері.
Арнайы комиссия құрылып, тергеу жүріп жатқаны хабарланып отыр. Тергеу аяқталысымен комиссия шешімін айтады.