"АрселорМиттал Теміртау" цехында балқыған металл төгіліп, екі жұмысшы күйіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"АрселорМиттал Теміртау" цехында балқыған металл төгіліп, екі жұмысшы күйіп қалды

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының металлургия комбинатында екі жұмысшы күйіп, ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендер реанимацияда жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының металлургия комбинатында екі жұмысшы күйіп, ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендер реанимацияда жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жазатайым оқиға "АрселорМиттал Теміртау" АҚ металлургия комбинатында болған. Онда 27 және 37 жастағы жұмысшы зардап шеккен. Олардың үстіне цехтың араластыру бөлімінде кранды көтеру кезінде шойын таситын шөміш құлап кеткен. Жұмысшылар ыстық металлға күйіп қалған.

"1984 жылы туған кран машинисі 2-3 дәрежелі күйік алды. Екінші кран машинисі 1994 жылы туған. Ол 3-ші, 4-ші дәрежелі күйік алған. Ол дененің шамамен 70 пайызы. Зардап шеккендердің жағдайы ауыр. Жүргізілген реанимациялық шаралардан кейін олар Қарағанды облыстық медицина орталығына жеткізілген", - деді "АрселорМиттал Теміртау" АҚ баспасөз қызметі өкілдері.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі зардап шеккендердің екеуінің де жағдайы ауыр деп бағаланғанын айтты. Олар реанимацияда ем қабылдап жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети