"АрселорМиттал Теміртау" зауытында 46 жастағы жұмысшы қаза тапты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"АрселорМиттал Теміртау" зауытында 46 жастағы жұмысшы қаза тапты Фото:arcelormittal.kz

"АрселорМиттал Теміртау" болат өңдеу департаментіне қарасты агломерация зауытында кен араластыру учаскесінің 46 жастағы жұмысшысы қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"АрселорМиттал Теміртау" болат өңдеу департаментіне қарасты агломерация зауытында кен араластыру учаскесінің 46 жастағы жұмысшысы қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Зауыт жұмысшыларының айтуынша, оқиға түнгі ауысымда болған. Ер адам конвейерге қалай түсіп кеткенін арнайы комиссия анықтайды. "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының баспасөз қызметі бригадир қаза болғанын растады.

"Болат өңдеу цехының агломерация зауытында оқыс оқиға болғанын хабарлаймыз, салдарынан әріптесіміз – 1975 жылы туған бригадирден айырылып қалдық. Арнайы комиссия құрылды, іс жүріп жатыр", - деді компания өкілі.

Оқиғаға қатысты Қарағанды ​​облысының еңбек инспекциясы жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі де пікір білдірді.

"Қарағанды ​​облысының бас мемлекеттік еңбек инспекторының бұйрығы бойынша, арнайы тексеру жүргізу үшін комиссия тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу аяқталғаннан кейін анықталады, ол туралы қосымша хабарланады", - делінген хабарламада. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети