Арыс қаласынан 60 шақырым жерде 10 сапер жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Арыс қаласынан 60 шақырым жерде 10 сапер жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
21 қыркүйекте арнайы жабдықталған полигон аумағында (Арыс қаласынан 60 шақырым жерде) жоспарлы жару жұмыстары барысында оқ-дәрінің фрагменті өздігінен детонация жүргізілді. Нәтижесінде 10 арнайы дайындалған сапер - келісімшарт бойынша әскери қызметші жарқыншақ жарақатын алды.
Аталған әскери қызметшілер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің далалық госпиталіне жатқызылды. Оларға қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіледі. Болған оқиғаның себептері мен жағдайларын анықтау бойынша іс-шаралар жүріп жатыр.