ПОДЕЛИТЬСЯ
11 шілде 2019 | 17:16
Арыста қойма өртенді
Түркістан облысы Арыс қаласында депо аумағында қойма өртенді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Арыс қаласында депо аумағында қойма өртенді. ТЧЭ цехі 32. Барлық қызмет өртті сөндірумен айналысып жатыр. ТЖД жеке құрамынан 55 адам мен 8 дана техника жұмылды", - деп жазды ол.
Алдын ала себебі - жөндеу жұмыстары кезінде дәнекерлеу аппаратын абайсыз қолдану.
"Қала тұрғындарының өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп жоқ. Тыныштық сақтауды сұраймын. Жағдай бақылауда", - деді Сәкен Қалқаманов.
Показать комментарии
Читайте также