Арыста қойма өртенді

11 Шілде, 17:16
0
Арыста қойма өртенді - © facebook.com
© facebook.com

Түркістан облысы Арыс қаласында депо аумағында қойма өртенді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Арыс қаласында депо аумағында қойма өртенді. ТЧЭ цехі 32. Барлық қызмет өртті сөндірумен айналысып жатыр. ТЖД жеке құрамынан 55 адам мен 8 дана техника жұмылды", - деп жазды ол.

Алдын ала себебі - жөндеу жұмыстары кезінде дәнекерлеу аппаратын абайсыз қолдану.

"Қала тұрғындарының өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп жоқ. Тыныштық сақтауды сұраймын. Жағдай бақылауда", - деді Сәкен Қалқаманов.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай