05 шілде 2019 15:15

Арыста тағы жарылыс болды - Қорғаныс министрлігі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арыста тағы жарылыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Арыста тағы жарылыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қорғаныс министрлігі инженерлік-саперлік бөлімшелердің оқ-дәрілердің фрагменттерін жинау бойынша жұмыстар барысында Арсеналға (тыйым салынған аймақ) тікелей іргелес аумақта жеке оқ-дәрі жұлып алып, нәтижесінде өрт шыққанын хабарлайды. Өрт ошағы әскери өрт сөндірушілердің күшімен жойылды. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ", - деп хабарлады министрлік өкілдері.

Сондай-ақ, министрлік инженерлік-саперлік бөлімшелермен жұмыс аяқталғанға дейін Арсенал аумағына тыйым салу және жақындау туралы еске салады.

Ведомство мәліметінше, жергілікті тұрғындарға ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. 

Еске салайық, 24 маусымда Арыстан жойқын жарылыс болған еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети