Арыстағы жарылыс: Тағы бір адам қайтыс болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видеодан үзінді видеодан үзінді

Түркістан облысы Арыс қаласындағы жарылыстар салдарынан 3 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысы Арыс қаласындағы жарылыстар салдарынан 3 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Арнайы техникамен белгіленген және көшіруге дайындалған 24 жауынгерлік снаряд табылды. Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметтеріне сәйкес, медициналық көмекке 70 адам жүгінген, оның 45-і ауруханаға жатқызылып, 3 адам қаза болған.

"Қорғаныс министрлігі Шымкент қаласының емдеу мекемелерінің бірінде Арыс қаласының әскери бөлімдерінің бірінде болған төтенше оқиға салдарынан келісімшарт қызметінің әскери қызметшісі сержант А. Н. Ахметов қаза болғанын хабарлайды. ҚР Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан адамның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", - делінген ҚМ сайтында. 

"26 маусымдағы 6.00 жағдай бойынша төтенше жағдай мен оның салдарын жою орнында ІІМ-нің күштері мен құралдарын топтастыру жеке құрамның 1251 адамы және 188 бірлік техника жұмылдырылған, оның ішінде:
Азаматтық қорғау органдарының 346 қызметкері мен 48 бірлік техникасы, 358 қызметкер мен 75 бірлік полиция техникасы, 547 әскери қызметші мен 65 бірлік техникалары бар. 

Арыс қаласының аумағында ТЖК өрт сөндіру қызметінің күшімен 52 өрт жойылды (бір кафе ғимараты, 24 тұрғын үй, 10 шаруашылық құрылыстар, 17 табиғи өрт). Түркістан облысы полиция департаментінің, Ұлттық ұланның қызметкерлері Арыс қаласын қоршап, күзетіп жүр. Сондай-ақ қаланың периметрі бойынша бекеттер қойылған.

Облыстық полиция департаментінің қызметкерлерімен 3 тонау фактісі анықталды. Қорғаныс министрлігі ұшқышсыз ұшу аппаратын қолдана отырып, аэровизуалды барлаудың нәтижесінде әскери бөлімнің аумағында ашық жану жоқ екендігі анықтады.

Қорғаныс министрлігінің саперлік бөлімшелер саны 14 топ, жалпы саны 145 адам. Арнайы техникамен белгіленген және көшіруге дайындалған 24 жауынгерлік снарядтар табылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.1  course up  588.21  course up  6.23  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro