Арыстық 8 жастағы бала Нұр-Сұлтандағы № 2 балалар ауруханасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
Арыстық 8 жастағы бала Нұр-Сұлтандағы № 2 балалар ауруханасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
Бала 2 тамызда сағат 9.20-да қайтыс болды. Арыс қаласында жарылыс құрбандарының жалпы саны төрт адамға жетті.
Жарылыстардан кейін ауруханаларда үш бала қалған еді. Нұр-Сұлтанда сегіз жастағы баланың жағдайына дәрігерлер алаңдаулы болған.
Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов та Арыс қаласында болған жарылыс кезінде елордаға санавиация бортымен жеткізілген зардап шеккен екі баланың жағдайы жайлы хабарлаған. Ол бір балаға ота жасалғанын және оның жағдайы өте ауыр екенін атап өткен еді.
Арыс қаласында болған жарылыстың салдарынан 409 адам медициналық көмекке жүгінді, оның 80-і ауруханаға жатқызылды.
Айта кетейік, 24 маусымда Арыстағы әскери бөлімнің қоймасында бірнеше жарылыс болып, қала түгелімен эвакуацияланған еді. Жарылыс салдарынан 2 адам қаза тапқан: бір әскери қызметкер мен бір қала тұрғыны.