Арыстағы жарылыс салдарынан тағы екі әскери ауыр халде жатыр

© nvdaily.ru

Арыстағы жарылыс салдарынан тағы екі әскери ауыр халде жатыр. Бұл туралы қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дандыбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Арыстағы жарылыс салдарынан тағы екі әскери ауыр халде жатыр. Бұл туралы қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дандыбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"ТЖ салдарынан зардап шеккен 34 адам емдеу мекемелерінде жатыр. Олардың арасында әскери қызметшілер де бар. Екі әскери қызметші (және бір азамат) қаза тапты. Тағы екеуі емдеу мекемелерінде ауыр халде жатыр. 9 адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтін аздаған жарақат алды. Қалған әскери қызметшілер жөнінде бізде ақпарат жоқ", - деді Тимур Дәндібаев.

Арыстағы жарылыс: Тағы бір адам қайтыс болды

Реклама
Реклама

"Қорғаныс министрлігі Шымкент қаласының емдеу мекемелерінің бірінде Арыс қаласының әскери бөлімдерінің бірінде болған төтенше оқиға салдарынан келісімшарт қызметінің әскери қызметшісі сержант А. Н. Ахметов қаза болғанын хабарлайды. ҚР Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан адамның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", - делінген ҚМ сайтында. 



Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама