Алматыда әсері күшті дәріден уланған ҚазҰУ студенті қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі шұғыл медициналық көмек станциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматыда әсері күшті дәріден уланған ҚазҰУ студенті қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі шұғыл медициналық көмек станциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дәрігерлердің айтуынша, оқиға 2018 жылы 24 қыркүйекте кешке болған. 19.46-да жедел жәрдемге 19 жастағы жігіт әль-Фараби атындағы ҚазҰУ жатақханасында талып қалды деген хабар түскен.
"Сағат 20.00-де диспетчер қоңырауды қабылдағаннан кейін 5/55 реанимациялық тобы 14 минутта мекенжай бойынша жетіп барды. Биологиялық өлімнің белгілеріне қарамастан, бригада барлық қажетті шараны қабылдады және 30 минут бойы жүрек-өкпе реанимациясын жүргізді. Бірақ амал не, Нұрдос Айтбаевты құтқара алмады. Дәрігерлер жігіт анықталмаған әсері күшті препаратты қолдану салдарынан уланған, аспирациялық синдром болды деген диагноз қойды", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
Дәрігерлердің айтуынша, қайтыс болу себептерін құзырлы органдар анықтайды.