Әскердегі суицид: Алматыда сарбаз асылып қалды

27 Қазан 2014, 12:56
0
Әскердегі суицид: Алматыда сарбаз асылып қалды - ©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz

Алматыда бір сарбаз өзін-өзі өлтірді, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі хабарлады. Суицид №5571 әскери бөлімінде 25 қазан күні болған.

ҚР ІІМ Ішкі әскерлерінің мәліметінше, өзіне-өзі қол жұмсаған қатардағы жауынгер Найзабековтің мерзімді қызметті аяқтауына екі айдай уақыт қалған. "Оны тауып алған кезде, ес-түсінен айырылған болды, бірақ пульсі бақыланып тұрды. Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы келді, бірақ қатардағы жауынгерді құтқарып қалу мүмкін болмады", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері.

Найзабеков 50 минуттан соң есін жимастан қайтыс болған. "Қайтыс болған сарбаз өлім алдында хат қалдырмаған. Алдын ала тергеуге қарағанда, әскердегі қызмет жағдайларымен байланысты суицидке себеп болатын жайттар анықталмады", - деп хабарлады ведомство өкілдері. Қазір оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін тергеуалды шаралар жүріп жатыр.

Марқұм әскери қызметке Маңғыстау облысынан шақырылған. ҚР Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы өзіне-өзі қол жұмсаған сарбаздың туыстары мен жақындарына көңіл айтады.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай