02 ақпан 2022 | 19:14

Әскерден ес-түссіз оралған қызылордалық сарбаз есін жиды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әскерден оралғаннан кейін туыстарын танымай қалған, Қызылорда облысы Арал ауданының 19 жастағы тұрғыны Ренат Жеткергенов Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығынан үйіне шықты. Кеше ол алғаш рет ата-анасын таныды. Ренаттың анасы Айғаным Ізбасарова ұлының қасында, үйде болғанына қуанышты екенін жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Әскерден оралғаннан кейін туыстарын танымай қалған, Қызылорда облысы Арал ауданының 19 жастағы тұрғыны Ренат Жеткергенов Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығынан үйіне шықты. Кеше ол алғаш рет ата-анасын таныды. Ренаттың анасы Айғаным Ізбасарова ұлының қасында, үйде болғанына қуанышты екенін жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ауруханадан шыққанына шамамен 5 күн өтті. Одан ештеңе сұрамаймыз, ауру қайта күшеймеуі үшін оны мазалаудан қорқамыз. Дәрі-дәрмегін береміз, басынан өткен сұмдықты еске түсірмеуге тырысамыз", - дейді ол.

Бірақ жақында олар осы қылмыстық істі тергеу аясында сараптама тағайындалғанын білді.

"Ренатқа сот тергеуі аясында бірқатар сараптама тағайындалды, бірі Алматыда өтеді. Ол үшін Жеткергеновті Қызылордадан Алматыға апару қажет. Бірақ оған 500 мың теңге керек. Бұған жол жүру, Алматыда тұру, тамақ кіреді. Ата-анасында мұндай ақша жоқ", - дейді Жеткергеновтар отбасының адвокаты Нұржамал Баянова.

Ренаттың ата-анасы баласының оқиғасына кінәлі тарап барлық шығынды өтесе дейді.

"Отбасымызда не болғанын бәрі біледі, қиын жағдайымызды да біледі. 3-4 ай бойы ақысыз демалыста жүрмін, мектепте мұғалім болып жұмыс істеймін, күйеуім жұмыс істемейді. Шынымды айтсам, Аралдан Қызылордаға бару үшін де көп ақша кетті. Ренат ауруханада жатқан облыс орталығында тұру да қымбат болды. Сондықтан сараптамаға бару үшін ұлым әскери борышын өтеген 25744 әскери бөлімі шығынды өтеуі керек деп санаймыз. Дәл сол жерде ол осы жарақаттарды алған", - дейді Айғаным Ізбасарова.

Осы іс аясында адвокат Баянова ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Марат Құсайыновқа жазылды. Ата-анасы бұл іс қозғалып, кінәлілер жазаланады деп үміттенеді.

Еске салайық, Ренат Жеткергенов Ақтаудағы 25/744 теңіз флотында әскери борышын өтеген болатын. Үйге келгенде, жігіт өзін біртүрлі ұстап, ата-анасын танымаған. Жақындары әскерде ұлдарын қорлағанына сенімді екенін жеткізді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети