Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі әлеуметтік желіде пайда болған видеоға қатысты пікір блдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видеода полицейлердің жігітке кісен салуға тырысып жатқаны көрінеді. Осы сәтте жанында тұрған әйел оларға ара түсіп, жіберуді өтініп жалынады.

Облыс полициясы жігіттің әскери комиссариатқа жіберілу үшін ұсталғаны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
"Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Полиция қызметкерлері жанжал шыққан жерге шақырту бойынша барған. Әскери комиссариатқа жеткізілген азамат медициналық тексеруден өтуден бас тартқан. Осыған байланысты әскери комиссариат өкілі мен әскерге шақырылған адам арасында жанжал туындаған. Сонымен қатар, шақырылушы полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған", – делінген Ақтөбе облысы полиция департаментінің хабарламасында.
Ресми мәліметтерге сәйкес, бұл оқиға бойынша материал жиналып, процессуалдық шешім қабылдау үшін Әскери-тергеу басқармасына жіберілген.
"Шақырылушыға қатысты ӘҚБтК-нің 667-бабы ("Полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбау") бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Азаматтарды ақпараттың шынайылығын тексеруге және жалған ақпарат таратпауға шақырамыз", – делінген полиция хабарламасында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!