Жамбыл облысында автоматы мен 60 оғы бар қатардағы жауынгер әскери бөлімнен қашып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы Талғат Қойбақовқа сілтеме жасап.
Жамбыл облысында автоматы мен 60 оғы бар қатардағы жауынгер әскери бөлімнен қашып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы Талғат Қойбақовқа сілтеме жасап.
Оның айтуынша, инженерлік-саперлік бригаданың қатардағы жауынгері Ернар Қабышев 30 маусым күні түнде белгіленген уақытта байланысқа шықпаған. Күзет бастығы тұрақты тексеріп шыққан кезде сарбаздың онда жоқ екені белгілі болды. Дезертир оқ өткізбейтін кеудешесі мен каскасын тастаған, бірақ өзімен бірге 60 патроны бар автоматты ала кетіпті.
"Сол кезден бастап, біз іздеуді ұйымдастырдық. Аумақ қоршауға алынды. Барлық әскери бөлім жұмылдырылды, Алматыдан иісшіл иттері бар бөлімше мен екі тікұшақ келді. Ол қарулы күйде кеткендіктен қауіп туындады. Қашқын Алматыға кетуді ұйғарған. Сағат 19.00 шамасында ол қолға түсті", - дейді Қойбақов.
Қашқынның айтуынша, рота командирі оған тым жоғары талап қойған, сол себепті сарбаздың ары қарай қызмет еткісі келмеген. Бірақ жарғыдан тыс жағдай болғанын дезертир де, оның қызметтестері де жоққа шығарды. Қабышев 2013 жылдың қараша айынан бері қызмет етіп жатыр, борышын аяқтауға үш ай қалған еді. Енді ол үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, оның үстінен "Қашқындық" бабымен қылмыстық іс қозғалды.