Astana Arena шатыры қалың қардың салдарынан қирады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Astana Arena шатыры қалың қардың салдарынан қирады видеодан үзінді

Astana Arena  спорт кешені шатырының бір бөлігі қалың қардың салдарынан қирады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Astana Arena  спорт кешені шатырының бір бөлігі қалың қардың салдарынан қирады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елорда тұрғыны Жәмиля Ақмолдаева "Астана - Что?Где?Когда?" тобында "Астана Арена" спорт кешенінде түсірілген видео жариялады. Қыз бала ғимаратта жаттығу жасап жүрген кезде шатырдың бір бөлігі қираған. Ғимаратта жарық тым көп болып кеткен. 

"Жаттығу кезінде опат бола жаздадық. Қалың қардан Astana Arena шатырының бір бөлігі шағылды. Жүгіру өмірге қауіпті болаып барады", - деп жазды Жәмилә Ақмолдаева. 

Спорт кешенінің директоры Дмитрий Антоничев бұл оқиғаның таңғы сегізде болғанын айтты. 

"Үш-төрт поликарбонатты плиталар құлады. Шатырдың өзі, салмақ түсетін құрылымдарға зиян келмеді. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Аса бір шығын келмеді. Олар қалың қар қысымымен түсті, біз қазір осы плиталарды көтеріп жатырмыз, 16.00-ге дейін аяқтауымыз керек. Қар жауып, шатырдан сырғып түсуі керек болған, алайда жаңбыр жауып қар қалың болып қалған, осылайша өздігінен сырғып түспеген", - деді Антоничев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети