04 шілде 2015 09:39

"Астана" әуежайындағы шекара бақылау бөлімінің басшысы жасырын камераға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Youtube.com/ ОО ОСА © Youtube.com/ ОО ОСА

"Астана" халықаралық әуежайындағы шекара бақылау бөлімінің басшысы YouTube сайтындағы "Оса" қоғамының каналында жақын күндері жарияланған видеоның кейіпкері атанды.


"Астана" халықаралық әуежайындағы шекара бақылау бөлімінің басшысы YouTube сайтындағы "Оса" қоғамының каналында жақын күндері жарияланған видеоның кейіпкері атанды.

Видеодан капитанның қол астындағы қызметкерлерді сөгіп, оларды балағаттап жатқанын көруге болады. Сол күні жұмысқа мас күйде келген басшы екі сөзден артық дұрыс нәрсе айтпады, қалғандарының бәрі бейпіл, былапыт сөздер. 

Роликтің авторы оқиғаның 2015 жылдың басында болғанын, ал видео кейіпкерінің (Нұрғалиев Рахат) әлі де әскери қызметте екенін хабарлады.

Ескерту! Бейпіл сөздер қолданылған!

"Офицер-шекарашы - мемлекеттік қызметкер, шетелдіктер ең бірінші көретін адамдар да осы шекарашылар. Мұндай қызметкерлерден не күтуге болады? Олар шекараны күзетуге қандай көңіл-күймен шығады? Бұл капитанды емес, Қазақстанды масқаралайды. Мұндай "капитандарды" адамдармен жұмыс істеуге шығармау керек. Шекарадағы проблемалар осындай нәрселерден туындап отырған болар, себебі қол астындағыларды қорлау, балағаттау шекара қызметінің бір бөлігіне айналды", - деп жазылған басылымда.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети