27 наурыз 2016 | 16:10

Астана әуежайының территориясында Қытай азаматы қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астана әуежайының территориясында Қытай азаматы қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Астана әуежайының территориясында Қытай азаматы қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Адамдар ол азаматты аялдамадан тауып алған, олар әуежайдың дәрігерлік пунктіне барып, ол жерде бір адамның жатқанын айтқан. Біздің фельдшер ер адамға барып, тамыр соғысының жоқ екенін анықтады. Ол таңғы сағат 07.10 болатын. Оның жанында сөмке тұрды, биркасында оның Бейжіңнен ұшып келгені жазылған. Ол жалғыз келген", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, дәрігерлік пункт қызметкерлері жедел жәрдем мен полиция шақыртты. "Қайтыс болған ер адам Қытай азаматы, жасы 56-да", - деді әуежайдағылар. Әуежай диспетчерінің мәліметінше, Бейжің - Астана рейсімен ұшып келген "Эйр Астана" әуе компаниясының борты елордаға таңғы сағат 06.37-де қонған.

Айта кетейік, бүгін таңертең Астана әуежайында Bek Air ұшағы апатты жағдайда қонды. Экипаж командирі Қызылордадан ұшып келе жатқан Forkker-100 ұшағын алдыңғы шассисіз қондырды. Бұл ұшақтың пилоттары мемлекеттік сыйлыққа ұсынылуы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети