Астана әуежайынан жолаушылар эвакуацияланып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана әуежайынан жолаушылар эвакуацияланып жатыр © Тұрар Қазанғапов

Астана әуежайынан жолаушылар эвакуацияланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана әуежайынан жолаушылар эвакуацияланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

6 тамызда таңғы уақытта Астана әуежайына жарылғыш заттың қойылғаны туралы хабардың келіп түскені белгілі болды. Осыған байланысты барлық жолаушы эвакуацияланды.

Қазіргі уақытта жарылғыш зат қойылды делінген мәлімет тексеріліп жатыр, оқиға орнында жедел қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр. 

Air Astana әуе компаниясы әлеуметтік желілердегі өз аккаунттарында елордадағы әуежайдың кейбір рейстерінің қауіпсіздік мақсатында кейінге қалдырылатыны жайлы хабарлады.

Еске салайық, өткен жылы Астана әуежайында бір әйел "бомба бар" деп әзілдеген болатын. Прокуратура қызметкерлерінің айтуынша, оқиға орнын тексеру кезінде айтылған дерек расталмады, ал әйелге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы Кодексінің 330-бабы - ұсақ бұзақылық жасау бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. 

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети