Астана әуежайында бір әйел "бомба бар" деп әзілдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана әуежайында бір әйел "бомба бар" деп әзілдеді ©РИА Новости

Астана әуежайында бір әйел "бомба бар" деп әзілдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz астаналық авиациялық көлік прокуратурасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана әуежайында бір әйел "бомба бар" деп әзілдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz астаналық авиациялық көлік прокуратурасына сілтеме жасап.

"Желтоқсан айының екінші онкүндігінде Астана қаласының әуежайында Астана - Алматы рейсінің ұшып кетуіне тексеріс жүргізіліп жатқан кезде бір азаматша әзілдеп, қол жүгінде бомба барын хабарлады. Осыған байланысты оқиға орнына өңірдің құқық қорғау орган қызметкерлері жетіп, жарылғыш заттарды анықтауға сәйкес шара жасады. Азаматша рейстен қалдырылды", - делінген прокуратура хабарламасында.

Прокуратура қызметкерлерінің айтуынша, оқиға орнын тексеру кезінде айтылған дерек расталмады, ал әйелге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы Кодексінің 330-бабы - ұсақ бұзақылық жасау бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. 

Қаланың авиациялық прокуратурасының өкілдері халықаралық әуежайда жалған хабарламалардың тіркелуі көбейгенін, бір жыл ішінде жолаушылардың қол жүгінде жарылғыш зат бар делінген 4 дерек тіркелгенін айтты.

Прокуратура өкілдері республика әуежайларында тексеріс кезінде заңнама талаптарын сақтауға шақырды, себебі жалған хабарламалар азаматтардың, қоғамның және мемлекеттік құқықтары мен заңды мүддесін бұзады, сонымен қатар айыптыларды заңмен бекітілген жауапкершілікке тартылады. "Мұнымен қатар, терроризм әрекетіне дайындалу туралы жалған хабарлама жасауға алты жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылған", - деді авиациялық прокуратураның өкілдері.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети