Астана әуежайындағы оқиғаны тексеретін арнайы комиссия құрылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана әуежайындағы оқиғаны тексеретін арнайы комиссия құрылды ©Newsroom.su

ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Астана әуежайында болған SCAT әуе компаниясының Boeing-757 ұшағына қатысты оқиғаны тексеретін комиссия құрды, - деп хабарлады Tengrinews.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Астана әуежайында болған SCAT әуе компаниясының Boeing-757 ұшағына қатысты оқиғаны тексеретін комиссия құрды, - деп хабарлады Tengrinews.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"1 сәуірде Астана әуежайына қону кезінде SCAT әуе компаниясының Бангкок - Астана рейсін орындаған Boeing-757 ұшағының негізгі шассиінің сол жақ доңғалақтары өзінен-өзі тежелген. Ұшақ ұшу-қону жолағына қону бағытынан ауыспай тоқтады. Жолаушылар жолақта ұшақтан шығарылды, борттағылардың ешқайсысы (171 жолаушы мен экипаждың 9 мүшесі) зардап шеккен жоқ. Ұшақ тұраққа сүйреп апарылды. Министрлік бұл дерек бойынша комиссия құрды, тергеу жүргізіліп жатыр, оның нәтижесі бойынша оқиға себептері анықталады", - дейді ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Серік Мұхтыбаев.

Еске салайық, Астана әуежайының баспасөз қызметі бүгін әуежайға қонып жатқан SCAT әуе компаниясы ұшағының тежеу жүйесінің істен шыққанын хабарлаған болатын. Ал әуе компаниясының баспасөз қызметі болса, ұшақ қонар кезде оның "дабыл жүйесі іске қосылып кеткен, соның себебінен шасси доңғалақтарының қысымы азайды" - деген ақпарат таратты.

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети