Астана әуежайының территориясында Қытай азаматының не себепті қайтыс болғаны анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана әуежайының территориясында Қытай азаматының не себепті қайтыс болғаны анықталды © Тұрар Қазанғапов

Астана әуежайының территориясында Қытай азаматының не себепті қайтыс болғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана әуежайының территориясында Қытай азаматының не себепті қайтыс болғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 27 наурыз күні сағат 07.53-те халықаралық әуежайдың аялдамасынан ҚХР-дың 1960 жылғы азаматы Янг Джинлиннің денесі табылған. Оның денесінде ешқандай зорлық белгілері болмапты.

"Есіл" аудандық ІІБ басшысының орынбасары, полиция полковнигі Ерік Егізбаевтың айтуынша, осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тегреу аясында тиісті сараптамалар да тағайындалған. Дерек жөнінде ҚР СІМ Консулдық қызметіне хабарланды.

"Сот-медициналық сараптамасы арқылы оның миокард инфарктінен қайтыс болғаны анықталды", - деп хабарлады баспасөз қызметі өкілдері.

Еске салайық, 27 наурыз күні таңертең Астана әуежайының территориясында Қытай азаматының денесі табылған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети