21 сәуір 2015 | 13:14

Астана айналасындағы өзеннің су деңгейі көтеріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Нұра өзенінің су деңгейі көтеріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ІІД Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов брифингте "Қазселқорғау" кәсіпорнының мәліметіне сілтеме жасай отырып, Ақмола облысындағы Нұра өзенінің су деңгейі көтеріліп жатқанын мәлімдеді. "Нақтырақ айтсақ, Қорғалжың ауданында су тасқыны болуы мүмкін", - деді ол. Оның айтуынша, су басу аймағына аудандағы төрт елді мекен кіріп отыр: Ұялы, Садырбай, Өркендеу және Алғанбас. Мұндағы тұрғындардың жалпы саны - 500. 


Иконка комментария блок соц сети

Нұра өзенінің су деңгейі көтеріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ІІД Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов брифингте "Қазселқорғау" кәсіпорнының мәліметіне сілтеме жасай отырып, Ақмола облысындағы Нұра өзенінің су деңгейі көтеріліп жатқанын мәлімдеді. "Нақтырақ айтсақ, Қорғалжың ауданында су тасқыны болуы мүмкін", - деді ол. Оның айтуынша, су басу аймағына аудандағы төрт елді мекен кіріп отыр: Ұялы, Садырбай, Өркендеу және Алғанбас. Мұндағы тұрғындардың жалпы саны - 500. 

Оның айтуынша, бұл ауылдарда барлық қажетті шаралар жүргізіліп жатыр, тұрғындарды өз уақытында көшіру шарасы жүргізілді. Бірақ бұл ауылдарда қалып қойған адамдар бар. "Онда өз мүлкін қарауға қалған адамдар бар. Олар бас тартқан жоқ, қажет болған жағдайда көмектесу үшін қалды", - деп атап өтті Иманқұлов. Ол республика бойынша 13 375 адамның өз үйлеріне оралғанын атап өтті. Су тасқыны басталған уақыттан бері 16 171 адам эвакуацияланды. Су астында қалған 2434 үйдің 2173-інен су қайтты. 

Нақтылы өңірлер жайлы Иманқұлов Қарағанды облысында су тасқыны басталғаннан бері 9 ауданда 48 елді мекеннің және екі қыстаудың зардап шеккеніне тоқталды. Қазіргі уақытта жеті ауданда жағдай қалпына келтірілді. Бұқар жырау және Нұра аудандары бақылауға алынып отыр. Облыстағы өзендерде су деңгейі төмендейді деп күтіліп отыр. Эвакуацияланған 13 279 адамның 11 940-ғы үйлеріне оралды. 

Су сору, бөгет құраладары мен гуманитарлық көмек жеткізу, аймаққа топырақ себу, бақылау жұмыстары жалғасып жатыр, байланыс жолдарын қалпына келтіру, медициналық және психологиялық жәрдем көрсету жұмыстары жалғасып жатыр. Топырақ құнарлылығын қалпына келтіру бойынша жұмыстар басталды.

Мұстафин атындағы ауылда қолда бар өрт сөндіру-су сорғы станциялары мен мотосорғылар тартылған. Бүгінге дейін облыста су алған 2107 үйдің 1900-нен су кетті. Су алған аудандардан 33 466 жануар қауіпсіз жерге айдалып, оның 28 962-сі үйлеріне қайтарылды. Ақмола облысында су тасқыны кезеңінен бері су басу аймағына Атбасар қаласы және Ерейментау, Аршалын, Астрахан, Атбасар және Целиноград аудандарының 12 елді мекені кірді. 

Атбасар ауданында да тәулік бойындағы апаттық-құтқару бригадалары кезекшілік атқаруды жалғастырып жатыр, олар жоғары дайындық режиміне ауыстырылды. Атбасар ауданындағы Атбасар - Сочинское және Шортанды ауданындағы Шортанды - Жолымбет сияқты облыстық маңызы бар автожолдарда кеңдігі 5-10 және 30-50 метр болатын су асып арнасынан тасып жатыр. Жол белгілері қойылып, күзет орнатылған. 

Елді мекендерде су сору, жол байланыстарын қалпына келтіру, қорғаныс бөгеттерін салу жұмыстары жүріп жатыр. Тәулік бойындағы кезекшілік белгіленген. Өткен тәуліктерде Ақмола облысында тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүргізілмеді. Су тасқыны басталған уақыттан бері мұнда 168 үйді су алды, оның 114-інен су қайтты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети