ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 13 маусым 2015 17:54
"Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ экс-басшысы Талғат Ермегияев қамауға алынды
"Астана ЭКСПО-2017" ҰК бұрынғы басшысы Талғат Ермегияев үй қамауына алынды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Астананың №2 Алматы аудандық соты Ермегияевтің үй қамауына алынғанын растады.
Еске сала кетейік, 11 маусымда Ермегияев "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасы қызметінен босатылған болатын.
Сонымен қатар, сот бұған дейін "Астана ЭКСПО-2017" ҰК АҚ құрылыс департаментінің бұрынғы басшысы Үсеновті қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. "Астананың №2 Алматы аудандық соты "Астана ЭКСПО-2017" ҰК АҚ құрылыс департаментінің бұрынғы басшысы Үсеновке қатысты Астана прокуратурасымен келісілген және сотқа дейінгі тергеу органының таңдаған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қабылдаған болатын. Қазіргі уақытта Үсенов "ЭКСПО-2017" кеңесшісі қызметінде. Үсеновке бюджеттен 214 000 000 теңгені жымқырды және аса ірі көлемде ысырап етті деген күдік келді", - делінген Жоғарғы сот баспасөз қызметінің хабарламасында.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу