30 наурыз 2017 20:33

Астана - Көкшетау тасжолында 13 көлік соқтығысып, аударылған жүк көлігі жолды жауып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан үзінді Видеодан үзінді

Астана - Көкшетау тасжолында кемі 13 көлік соқтығысып, аудырылып қалған жүк көлігі жолды жауып қалған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне куәгерлер хабарлады. 


Астана - Көкшетау тасжолында кемі 13 көлік соқтығысып, аудырылып қалған жүк көлігі жолды жауып қалған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне куәгерлер хабарлады. 

ҚР Төтенше жағдай комитеті бұл ақпаратты анықтап жатыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. 

Сонымен қатар, Астана - Қарағанды тасжолындағы Оскаровка ауылының маңында да жолдың нашар көрінуі мен көктайғақ салдарынан көліктер кептеліп қалған. "Екі сағат болды тұрғанымызға. Қараңғы түсіп барады, облысқа ақпарат жібердік, мында бұрқасын. Қағылып қалған жүк көліктерін алу керек жолдан. Қаншама көлік соқтығысты", - дейді куәгерлер. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети