29 наурыз 2017 | 20:33

Астана көшелерінің бірін су басты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана шетіндегі Сүткент көшесін қар суы басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қалалық әкімшіліктің өкілдері су басқан жерге келіп, төтенше жағдайдың себебін түсіндіріп берді.


Иконка комментария блок соц сети

Астана шетіндегі Сүткент көшесін қар суы басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қалалық әкімшіліктің өкілдері су басқан жерге келіп, төтенше жағдайдың себебін түсіндіріп берді.

Айта кетейік, су басқан көшенің суретін оқырмандардың бірі жолдады. Оның айтуынша, бұл суреттер 28 наурызда түсірілген.

"Алматы" ауданының әкімі Әділбек Сәрсембаевтің айтуынша, төтенше жағдайға жақында жауған қар себеп болған. Сондай-ақ, аудан әкімі Сүткент көшесіндегі жағдайды коммуналдық қызметтегілердің реттегенін айтты.


Астана әкімдігінің баспасөз қызметі жолдаған сурет.

Әкімдіктегілердің мәліметінше, қазіргі уақытта 140 дана техника төтенше жағдайды реттеумен айналысып жатыр. Қаладағы үш ауданда азаматтардың өтініштерін қабылдайтын желі жұмыс істеп жатыр. "Есіл" ауданында - 48-43-26, "Сарыарқа" ауданында - 48-43-92, "Алматы" ауданында - 34-18-19. Сондай-ақ, бірыңғай 109 нөмірі жұмыс істеп жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети