Астана маңындағы Жібек жолы ауылында 18 сәуірде нан сатып алуға шыққан 18 жастағы қыз жоғалып кетті. Полицейлер осы дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2000 жылы туған Назима Вохоббойеваның суреттері мен сипаттамасын әлеуметтік желіде жариялап жатыр.
"Біз Жібек жолы ауылында тұрамыз. Сол күні оның көңіл-күйі жақсы болатын, шамамен сағат 15:30-да ол нан алуға дүкенге кетті. Осыдан кейін ол туралы хабар жоқ", - дейді жоғалған қыздың әпкесі Камила.
Әпкесінің айтуынша, қыз бала ешкімге ескертпей ешқашан ұзақ уақытқа кетпеген, үйден қашпаған екен.
Біз облыстық ІІД-ге және Астанаға да хабарладық. Әзірге ешқандай мәлімет жоқ", - деді Камила.
Аршалы аудандық ішкі істер бөлімі қыз баланың іздестіріліп жатқанын және іс қозғалғанын мәлімдеді. Қалған мәлімет тергеу құпиялылығына байланысты айтылмады.
Қыздың бойы 170-175 сантиметр, арықтау келген, шашы ұзын. Көк түсті шалбар киген, үстінде ақ кеудеше болған.