20 сәуір 2017 17:03

Астана маңындағы ауылда тұрғын үй опырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадан 60 шақырым жерде орналасқан Семеновка ауылында жеке тұрғын үй опырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл үй еріген қар суынан бір жағына қарай қисайып қалған.


Астанадан 60 шақырым жерде орналасқан Семеновка ауылында жеке тұрғын үй опырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл үй еріген қар суынан бір жағына қарай қисайып қалған.

"Осымен төртінші күн су келіп жатыр, ауылдағылар судың Шортандыдан келгенін айтады. Бүгін таңертең су алған үйлердің бірі қирап қалды. Ол үйде зейнеткер ата әйелімен және баласымен тұрып жатқан. Су алған кезде олар көршілерінің үйіне көшіп барды, жағдайы тәуір еді", - дейді ауылға келген еріктілердің бірі Назира.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бригадалар құм салынған қаптармен бөгет жасап, аман қалған үйлерді қоршаған, бірақ осының кесірінен су алған жақта су деңгейі төмендемей жатыр екен, салдарынан үйлер қирап жатыр. 

"Үй қирады. Журналистер келген, сол кезде әкім барлық техника жұмыс істеп тұрғанын, барлығы қалыпты екенін баяндаған. Біз келсек, мұнда бір ғана техника - өрт сөндіру машинасы. Қазір оның өзі бұзылып тұр, жұмыс істемейді. Жалпы 33 үйді су алды", - дейді Назира. 


Куәгерлер жолдаған сурет

"Волонтеры доброй воли" тобы болып келген қыздар су тасқыны жайлы естіген соң бірден келген. Айтуынша, зардап шеккенлердің көбі зейнеткерлер. Еріктілер қаладан оларға дәрі-дәрмек пен қажетті заттар жеткізген. 

Ақмола облыстық ТЖД өкілдері бұған қатысты әзірше пікір білдірмей отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети