Астана орталығында алапат өрт шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана орталығында алапат өрт шықты Куәгер жолдаған видеодан алынған кадр

Астана орталығында алапат өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана орталығында алапат өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Асыл Тас" тұрғын үй кешенінде өрт шыққан. ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің мәліметінше, тұрғын үйдің сыртқы қабатының тысындағы жылытқышы тұтанған. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт шалған аумақ - 40 шаршы метр. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Оқиға орнына жедел әрекет ету қызметі тартылған.

"2 мамырда сағат 13.17-де Астананың Есіл ауданындағы Сарайшық көшесінің бойында орналасқан "Асыл Таста" 3-4-қабат деңгейінде керамогранит жабындысының астындағы жылытқыш өртенгені жайлы хабар келіп түсті. Өрт 13.41-де сөндірілді. Өрт шалған аумақ - 40 шаршы метр. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге жеке құрамның 22 адамы мен елордалық өрт сөндіру қызметінің 5 дана техникасы жұмылдырылды , - деді ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети