Астанада "Көкшіл орамы" тұрғын үй кешенінде шыққан өрттен екі бала құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанада "Көкшіл орамы" тұрғын үй кешенінде шыққан өрттен екі бала құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"2017 жылы 29 қарашада сағат 10:41-де елордалық өрт сөндіру қызметіне Сарайшық көшесінің бойында орналасқан "Көкшіл орамы" тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің біріндегі оныншы қабатта өрт шықты. Тұрмыстық киім-кешек өртенген. Өрт сөндіру барысында ТЖ мамандары екі баланы құтқарды", - деді ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
Өрт аумағы - 18 шаршы метр. ТЖК мәліметінше, өрт 11.12-де ауыздықталып, 11:18-де толығымен сөндірілген.
"Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіруге жеке құрамның 16 адамы және төрт арнайы техника жұмылдырылды", - деді Иманқұлов.