Қыздың денесі Астана орталығында табылды. Қала тұрғындарының айтуынша, мәйіт сауда орталығының артындағы бос жерден табылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қыздың денесі Астана орталығында табылды. Қала тұрғындарының айтуынша, мәйіт сауда орталығының артындағы бос жерден табылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Қала тұрғындары қыздың мәйіті оң жағалаудағы сауда орталығының артынан табылғанын хабарлады.
"Кеше түнде үйдің артында 18 жастағы қыздың мәйіті табылды. Оны өлтіріп, көміп тастаған. Бір күн бұрын бір ер адамды тонап кетті. Шабуылдар жиі болады, әсіресе үйсіздер. Мұнда олар көп. Нашақорлар да көп", - деп хабарлады қала тұрғындары.
"Бұл қаланың шетінде емес. Бірақ ол жерде қаңырап бос жатқан жер бар. Бұл туралы бірнеше рет шағымдандық. Қыста ол жер қар полигоны болады. Жарық жоқ. Назар аудару үшін сұмдық оқиға болуы керек болған шығар. Қызға обал болды", – деп жазды желі қолданушылары пікірде.
Астана Полиция департаменті қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады. Тәртіп сақшылары елордадағы қылмыстық ахуал тұрақты деп сендірді.
Полицейлер қыздың денесі табылғанын растады, бірақ оның жасын растамады. Сонымен қатар, полицейлер мәйіт жерленгені туралы ақпаратты жоққа шығарды.
"Бос аумақтан зорлық-зомбылық белгілері жоқ мәйіттің табылуы бойынша елордалық полицейлер соталды тергеуді бастады, жедел-іздестіру шаралар кешені жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Бірқатар сараптамалар тағайындалды", - деп түсіндірді полиция департаментіндегілер.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!