Астана полициясы автобуста төбелескен әйелдерді іздестіріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана полициясы автобуста төбелескен әйелдерді іздестіріп жатыр Кадрдан

Астана полициясы автобуста төбелескен әйелдерді іздестіріп жатыр, - lдеп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана полициясы автобуста төбелескен әйелдерді іздестіріп жатыр, - lдеп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2 қарашада кондуктор мен жолаушы арасында болған төбелес Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде ҚР ҚК 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша тіркеуге алынды.

"Жолаушының кім екені анықталып жатыр", - деп хабарлады Астана ІІД баспасөз хатшысы. Полиция өкілдері кондуктордың түсінік бергенін мәлімдеді. Сот сараптамасы тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, 2 қарашада әлеуметтік желілерде Астана автобусында екі әйелдің төбелескені бейнеленген видео кең талданған еді. Видео авторының айтуынша, әйелдердің бірі автобус кондукторы, ал екіншісі - жолаушы. Олардың нақты қандай себеппен жанжалдасқаны әзірше белгісіз. Видеодан екі әйелдің бір-бірінің шашынан тартып, жерге құлағандарын көруге болады. Айта кетейік, куәгерлердің ішінде бір ғана адам оларды ажыратуға тырысты.

Болжам бойынша, жолаушы өзінің аялдамасынан өтіп кетіп, кондукторға тап берген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети